Волейболдан «А» жоғары лига командалары арасында Оралда өтіп жатқан бесінші турда «Жайық-Конденсат» жеңіліссіз келеді

ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан «А» жоғары лига командалары арасында Оралда өтіп жатқан ХІХ ел біріншілігінің соңғы, бесінші турында «Жайық-Конденсат» жеңіліссіз келеді.
None
None

14 сәуір күні жоғары лигада көш бастап келе жатқан Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасын 3:0 есебімен ұтқан оралдықтар келесі күні дәл осындай есеппен «ЦСКА-Алматыны» жеңді. Ал шымкенттіктер тағы да сүрініп, Астананың «Ұшқын-Искрасынан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды. 16 сәуірде «Жайық-Конденсат» астаналықтарды дәл осындай есеппен тізе бүктірді. Кеше алаң иелері Павлодардың «Ертісінен» тағы да 3:1 есебімен басым түсті.

Соңғы тур 19 сәуірде мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум