07:37, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Волейболдан ел біріншілігінде Оралдың «Конденсаты» бесінші орынды иеленді
ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Талдықорған қаласында мәреге жеткен волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігінде Оралдың «Конденсаты» бесінші орынды иеленді.

Талдықорған қаласында өткен соңғы, алтыншы турда «Конденсат» жақсы өнер көрсетіп, үш команданы ұтып, екеуінен ғана жеңіліс тапты.
Чемпионат қорытындысында «Алматы» командасы 56 ұпаймен жеңімпаз атанса, Хромтаудың «ТНК «Казхромы» 53 ұпаймен күміс, Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» 45 ұпаймен қола жүлдені иеленді. «Атырау» 40 ұпаймен төртінші орынға орналасты. «Конденсат» одан бір ұпай ғана қалып қойды. Петропавлдың «Есілі» 37 ұпаймен соңғы орынды еншіледі.
«Конденсаттан» Николай Романовский үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ хромтаулықтардан Алексей Романко, «Алматыдан» Дмитрий Горбатков, «Атыраудан» Алексей Афиногенов, өскемендіктерден Сергей Троцкий, «Есілден» Жақсылық Тілеулин өз командаларының таңдаулылары болды.