Волейболдан Қазақстан кубогінің жеңімпаздарын облыс әкімі құттықтады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Қазақстан кубогін екі жыл қатарынан жеңіп алған «Ертіс-Қазхром» волейбол клубының мүшелеріне құрмет көрсетілді. Кезекті жеңісімен клуб мүшелері мен қызметкерлерін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Сіздер жанкүйерлеріңіз мен спортсүйер қауымды өздеріңіздің жеңістеріңізбен қуантуды жалғастырып келесіздер»,-деді өңір басшысы.

Қазақстан Кубогінің екі мәрте иегері атана отырып, Сіздер Павлодарда мықты волейбол мектебі қалыптасқандығын көрсеттіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз облыста волейбол спортының жандана түсіп, жастардың осы спорт түрімен көптеп айналысуларына зор ықпал етеді. Сіздердің спортта көптеген жылдардан бері көрсетіп жүрген нәтижелеріңіз біздің өңіріміздің мақтанышы»,-деді облыс әкімі.

Болат Бақауовқа көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірген волейбол командасының капитаны Радмила Береснева оған Қазақстан Кубогі иегерлерінің алтын медалін табыс етті. Бұған қоса команда капитаны клубтың жұмысына қолдау білдіріп, көмектесіп жүрген азаматтардың барлығына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар