16:10, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары 5-турды Атырауда өткізеді
АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда 6-11 наурыз күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары болады.

Қазір алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша қоржынында 53 ұпайы бар алматылықтар бірінші орында келе жатыр. Олардан 7 ұпайы кем «ТНК «Қазхром» командасы екінші орында тұр. Үздік үштікті түйіндеген «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста»- 27 ұпай бар. Одан кейінгі орындарды «Атырау» (23 ұпай), «Есіл» (17 ұпай) және «Конденсат» (14 ұпай) өзара бөлісуде. Бұл сында жарыс қожайындары 4 ұпай алда келе жатқан өскемендіктерді қуып жетуге мүмкіндігі бар. Жарыстың алғашқы күні хромтаулықтар («ТНК «Қазхром») қызылжарлықтармен («Есіл»), алматылықтар оралдықтармен («Конденсат») ал атыраулықтар өскемендіктермен күш сынайды.