Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында алматылықтар ел чемпионатының 5-турын сәтті бастады

Кеше алғашқы ойында хромтаулықтар («ТНК «Қазхром») қызылжарлықтарды («Есіл») 3:0, алматылықтар оралдықтарды («Конденсат») 3:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал өскемендіктер атыраулықтармен ұпай бөлісті (3:2). Бүгін енді «Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Конденсат» пен «Атырау» кездеседі.
Алғашқы 4 турда алматылықтар - 53, хромтаулықтар - 46, өскемендіктер - 27, атыраулықтар - 23, қызылжарлықтар - 17, оралдықтар 14 ұпай жинаған еді. Ал әйелдер командалары арасында алматылықтар бесінші орында келе жатыр. Онда Алматы облысының «Жетісу» командасында - 54, «Астанада» - 39, Ертіс-Қазхромда» - 32 (Павлодар), «Қарағандыда» - 20, «Алматыда» - 13, ал теміртаулықтарда («Металлург АМТ») - 13, өскемендіктерде («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») - 6 ұпай бар.