13:31, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында хромтаулықтар жеңіліссіз келе жатыр
АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тараз мемлекеттік университетінің спорт кешенінде өтіп жатқан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында
![None None](/static/img/plug.webp)
«Қазхром-2» командасы көш бастап келе жатыр.
Хромтаулықтар алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр. Олар Теміртаудың «ВСМК-Металлург» пен Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ» волейболшыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін олар енді Қостанайдың «КИнЭУ» мен жарыс қожайындарының «Тараз-ТарМУ» командасына дәл осындай есеппен есе жіберген өскемендіктермен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3») кездеседі. Ал 19-ы тараздықтармен, 20-сы қостанайлықтар шеберлік сынасады. Бұған дейін тараздықтар теміртаулықтарға 2:3, ал қостанайлықтар қызылордалықтарға 1:3 есебімен ұтылып қалған еді.