20:42, 04 Маусым 2009 | GMT +5
WI-MAX: сымсыз болашаққа жол ашылды ? маман пікірі
ШЫМКЕНТ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында ғимараттарды интернетке сымсыз жалғау жөніндегі жобалар толығымен жүзеге асырылып жатыр.
Жобаның маңызы мен оның орындалуы жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ индустриялық-инновациялық даму департаментінің бас менеджері Балжан Төлепова айтып берді. «Қазіргі әлем ? күнделікті өмірімізге енгізілген технологиялық керемет, немесе іс жүзіндегі ғылыми фантастика десе де болады. Күні кеше ғана мүмкін еместей көрінгендер, бүгін күнделікті көзіміз үйренген қалыпқа енді. Осыдан 20-30 жыл бұрын коммуникация құралдарын сымсыз пайдалану адамның түсіне кірмеген мәселе еді. Бүгін бұлардың барлығы қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналды: ұялы телефондар, смартфондар арқылы біздің бір-бірімізбен хабарласуымыз дағдыға айналды», ? деді Б.Төлепова.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын, «Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын» және 2007-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын басшылыққа алған «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ОҚО-да «БиТелТелеком» компаниясымен (Алматы) бірлесе отырып, Wi-Max технологиясы базасында сымсыз байланыс орнату жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаны жүзеге асыру үшін ӘКК мен «БиТелТелеком» АҚ қатысуымен «Оңтүстік Телеком» ЖШС бірлескен кәсіпорыны құрылды. Жобаның мақсаты ? Шымкент қаласына коммуникациялық қызмет ұсыну, нақтылап айтқанда ? WiMax стандартының сымсыз байланысын енгізу негізінде Интернеттің дүниежүзілік ақпарат жүйесіне қосылу.Жоба қаладағы білім беру және оқу орындарының, мемлекеттік, бюджеттік ұйымдардың және ведомстволардың Интернеттің жоғары жылдамдықтағы және сапалы жүйесіне жеңілдікпен ену мәселесін шешеді. Қала тұрғындары интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады. Жобаның жүзеге асырылуы халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыруға және Интернет пайдаланушылардың қатарын көбейтуге ықпал етеді.«Оңтүстік Телеком» ЖШС әкімшілік ғимараттар мен бизнес орталықтарға байланыс қызметін көрсетеді. Сымсыз интернет жүйесіне бүгінгі күні «ЭСКО» бизнес орталығы, «Алтын Орда» бизнес орталығы, «Оңтүстік» аймақтық агрокешен» ЖШС қосылып үлгерді.