07:29, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Я.Шведова мен Г.Воскобоева ресейлік жұпқа есе жіберіп, Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева Лондонда өтіп жатқан олимпиадалық турнирдің келесі кезеңіне өте алмады,

деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші айналымда еліміздің намысын қорғаған теннисшілер ресейлік Мария Кириленко мен Надеждой Петрова жұбына 2 сетте де 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Я.Шведова жеке разрядта жүлделі орын үшін әлі де өз бағын сынайды. Ал Г.Воскобоева болса осымен Олимпиада жүлдесі үшін жарыс жолын аяқтады.