Ядролық сынақтарға толық тыйым салу ұсынысы ядролық қауіпсіздік ісіне сүбелі үлес қосуы мүмкін - МТБ орталығының директоры С.Алпысбаева

trong>. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы бүкіл адамзат баласының қызығушылығын қозғайтын ең өзекті мәселелердің бірі бойынша сыртқы әлем алдындағы Қазақстанның ұстанымын білдіреді. Сонымен қатар жарияланымның сәуір айының ортасында Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит қарсаңында жарық көруі де өзектілігін арттыра түседі.
None
None

Макроэкономикалық талдау және болжау орталығының директоры Сара Алпысбаева Елбасының ресейлік «Известия» газетінде жарық көрген «Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» мақаласына орай осындай пікір білдірді.

«Қазақсан басшысының бұл мақаласында тек ядролық қаруға қатысты өзекті мәселелер ғана қозғалмай, оны шешудің нақты жолдары мен ұсыныстары қоса беріліп отыр. Елбасы көтеріп отырған проблемалар негізгі үш ұстанымнан көрініс тапқан. Қазіргі уақытта дәл осы ядролық қауіпсіздік проблемаларының өзін халықаралық реттеу де проблемаға айналып отыр.

Атап айтар болсам, жалпы қабылданған санкциялар ядролық қаруы жоқ елдерге ғана қолданылады. Алайда осындай қарулары бар мемлекеттердің ядролық қаруларды таратпау бойынша жалпы қабылданған ережесі қандай да бір жағдайда бұзылатын болса, онда не істеу керектігі туралы дәл түсінік жоқ. Ядролық нысандарды тексеретін халықаралық инспекторларды елдеріне кіргізбейтін мемлекеттерге қарсы қандай әрекет жасау керектігі де айқын түсініктен ада. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, менің азамат әрі адам ретіндегі пікірім, аталған проблемаларды күш қолданудан бөлек қандай әдіс-тәсілдер арқылы шешуге мүмкін болатындығы жайында нақты түсінік болуы қажет. Егер мемлекет халықаралық инспекторларды ядролық әлеуетін тексеруге кіргізбесе, онда барлық әлемдік қауымдастық қабылдаған, осы мәселені реттеу ережесі нақты жасалғаны дұрыс.
Мақалада анық көрсетілген тағы бір проблема - бұл ядролық қаруы бар мемлекеттердің ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттан іс жүзінде ешқандай зардапсыз шыға алу мүмкіндігі.

«Алып ауқымды әлем және ядролық қауіпсіздік» атты мақалада бұл проблемаларды қалай шешуге болатындығы жөніндегі Қазақстанның ұсыныстары беріледі. Ішінара атап өтетін болсам, еліміздің ұстанымы Қазақстанда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық оқу орталығын құру туралы ұсынысында көрініс тапқан. Сонымен қатар еліміз Ресеймен бірлесіп, Уран байыту халықаралық орталығын құру бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақалада атап өтілген ядролық қаруды таратпаудың жалпыға ортақ гори­зон­тальды және вертикальды жаңа да әмбебап келісімін жасау идеясы да өзекті. Сондай-ақ әскери мақсаттағы тұтандырушы материалдарға тыйым салу туралы келісім де қажетті әрі маңызды. Мен бұл ұсыныстарды жаһандық ауқымдағы ядролық қауіпсіздіктің жалпы контексінде өзекті проблемаларды шешетін нақты тетіктер ретінде байқап отырмын. Ядролық қаруды таратпау мәселесінде «қосарлы стандарттар» қолдануға жол бермеу қажеттігі де көтерілген. Қазақстан Президенті ядролық қарусыз әлем идеалдарына қарай шынайы қадам жасау бірінші кезекте ресми ядролық державаларға байланыс­ты екендігіне, «қосарлы стандарттар» қол­да­нуға жол бермей, қаруды таратпау мен қарусыздану мәселелерінде солардың өздері басқа мемле­кеттер үшін үлгі болуға тиіс екендігіне назар аудартады.

Менің ойымша, мақаланың ядролық сынақтарға толық тыйым салуға шақыруы барлық елдер үшін сөзсіз екпінді нүктелердің бірі болып табылады және ядролық қауіпсіздіктің жаһандық проблемасына зор үлес қосады. Бұндай ұстаным еліміздің халықаралық беделін, әсіресе Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде нығайта түседі және ядролық қауіпсіздік ісіндегі сүбелі үлесі болып табылады», дейді С. Алпысбаева.

Соңғы жаңалықтар