Ядролық технологиялар саласындағы серпінді жобалар әзірге өзінің коммерциялық әлеуетін жүзеге асырған жоқ - Энергетика және минералдық ресурстар министрі

СЕМЕЙ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев кеше Шығыс Қазақстанның Курчатов қаласында жұмыс бабындағы сапармен болды.
None
None
Министрдің пікірінше, Ядролық технологиялар саласындағы серпінді жобалар әзірге өзінің коммерциялық әлеуетін жүзеге асырған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Курчатовтағы ядролық технологиялар паркіндегі заманауи электрондар үдеткіші жаңа жылдың басында іске қосылған болатын. Радиациялық технологиялар кешені ? Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру аясында құрылған технопарк құрылымындағы алғашқы серпінді жоба. Ол өнеркәсіптік тауарлар өндірісі үшін жұмыс істейді. Бүгінде мұнда полиэтилен мен шикі резеңке өндіріледі. Ал жақын арада жергілікті ғалымдар қазақстандықтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев кешеннің жұмысымен таныса келе, ғалымдардың қазіргі уақыттағы міндеттері - отандық өнімдерді бәсекеге қабілетті ету олардың шетелдік нарықтарға шығарылуын жолға қою екенін атап көрсетті. Бірақ та министрлік басшысының пікірінше, әзірге біздің жобалар коммерциялық табыс әкеле қойған жоқ. Сарапшылардың бағалауынша, кешен толық жұмыспен қамтылған жағдайда, тауар айналымы жылына 360 миллион теңгені құрауы мүмкін. Осы қарқынмен жоба, әрі кетсе 5 жылдың ішінде, өзін ақтайтын болады. Келешекте электрондар үдеткішін жасанды тері, ыстыққа шыдамды үлдір мен гель өнімдерін жасауда қолдануға болады. Курчатов сапарынан кейін Өскеменге бара жатқан жолда, министр Сауат Мыңбаев Семейге аялдап, «Жылукоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болды, онда 1-жылу-электр орталығын қайта жаңарту мәселелері талқыланды.
Соңғы жаңалықтар