«Ялла» ансамблі Шығыс Қазақстанның әйелдерін мерекемен құттықтады

«Әйел, Махаббат, Көктем» деп аталатын мерекелік кеш облыс және қала әкімдері Бердібек Сапарбаев пен Серік Тәукебаевтың құттықтауларынан басталды.
Өңір басшысының түрлі қызмет салаларында атқарған қажырлы еңбектері үшін естелік белгілерін тапсыруға шақырылғандар арасында - Айгүл Әбдулдина, Тамара Быкова, Қайникамал Дүйсенова, Римма Короленко, Қарлығаш Жикебаева, Елена Денисова, Гүлвира Мусинова, Любовь Кокушинская, Базира Оразаева мен Людмила Михайловалар болды. Еңбегі сіңген бұл он әйел фельдшер, этнограф, құс өсіруші, жаттықтырушы, мұғалім, дәрігер мамандықтары бойынша жұмыс істеп, балалар үйлері мен үкіметтік емес ұйымдарға жетекшілік етеді.
Танымал «Ялла» тобымен қатар оларды келе жатқан мейраммен қаланың үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары да құттықтады.