Ықпалдастық үдерістерді тереңдететін боламыз ? Д. Ахметов

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ТМД елдерінің Қарулы Күштерімен ықпалдастық үдерістерді әрі қарай тереңдететін боламыз.
None
None
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің отырысында ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстан Ресеймен маңызды 5 әскери оқу-жаттығу шараларын өткізіп, оған Қазақстан тарапынан бірқатар бригадалар қатысқан. Ал Ресейден жаттығуда әуе десанттық әскерлерінің батальоны болды. «Биылғы жылы біз бұл бағыттағы ынтымақтастығымызды нығайта түсеміз. Жаттығуларға қатысатын бөлімдердің саны айтарлықтай артатын болады», деді Д. Ахметов.
Соңғы жаңалықтар