18:24, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Ыстамбұлда «Азиядағы аймақтық ұйымдар: институционалдау және өзара іс-қимыл» конгресі өтуде ? АӨІСШК хатшылығы
АЛМАТЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат – Атқарушы директор Дулат Бәкішевтің басшылығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨІСШК) хатшылығының делегациясы «Азиядағы аймақтық ұйымдар: институционалдау және өзара іс-қимыл» 4-ші Азия-түрік конгресіне қатысуда.
Отырыс Ыстамбұлда мамырдың 27-сі мен 29-ы аралығында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат АӨІСШК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атқарушы директор өзінің сөйлеген сөзінде АӨІСШК үдерісінің, оның ішінде 2008 жылы үшінші министрлік кездесуді өткізгеннен кейінгі дамуын баяндады. Конгрестің мақсаты ? азиялық ұйымдар мен форумдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту және ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын анықтау. Форумның жұмысына аймақтық құрылымдардың басшылары, бірқатар Азия елдерінің сарапшылары мен мамандары қатысуда.