13:03, 02 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Ыстамбұлда Н.Назарбаевтың «Таңдамалы шығармалар» атты түрік тілінде шыққан бестомдығы таныстырылды
ЫСТАМБҰЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ыстамбұлдың «Топкапы» муниципалитетінің Мәдениет орталығында ҚР Бас консулдығы Түркі кеңесімен бірлесе отырып «Нұрсұлтан Назарбаев - түркі әлемінің ақсақалы» тақырыбында ғылыми конференция өткізді.

Конференция барысында Н.Назарбаевтың «Таңдамалы шығармалар» бестомдығы түрік тілінде таныстырылды.
Конференцияға Түркі кеңесінің Бас хатшысы Х.Ақынджы, ҚР-ның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев, академиялық және қоғамдық-саяси орталардың танымал өкілдері мен Түркияда Ыстамбұл университеті, Мәрмәр университеті, Мимар Синан атындағы университет және Ыстамбұл техникалық университеті сияқты ірі мемлекеттік ЖОО-ның бірінші басшылары қатысты.
Оған шақырылған түркітанушы ғалымдар осындай кездесулерді түрлі форматта тұрақты негізде өткізудің өзектілігін атап өтті. Олардың пікірінше, Қазақстан тұрақты даму қағидатын негізге алатын үлгілі ел болып табылады.
Ғылыми конференция туралы жергілікті БАҚ-да кеңінен жарияланды.