Ыстамбұлда Түркі Кеңесі ортақ терминология комитетінің алғашқы отырысы өтті

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 қараша күні Ыстамбұлда Түркі Кеңесіне қарасты Ортақ терминология комитетінің алғашқы жиыны өтті. Аталған комитет ұйымға мүше мемлекеттердің терминология саласындағы жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрылған болатын, деп хабарлады Түркі Кеңесінің баспасөз қызметі.
None
None

Жиынға мүше мемлекеттер тарапынан тағайындалған ғалымдар, Түркі академиясының және Түркия Тіл құрылымының басшылары мен сарапшылар қатысты.

Алқалы отырыста ортақ терминологияны қалыптастырудың және дамытудың негізгі қағидаттары мен ережелері қарастырылды. Осы мақсатта түрлі салаларды қамтитын сөздіктер әзірлеу және шығару туралы шешім қабылданды.

Бұдан былай тұрақты жиналатын Комитеттің шешімдерін ғылыми тұрғыда жүзеге асыру ісі Түркі Академиясы тарапынан қолға алынады деп жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар