Ю.Солозобов: «Нұрлы жол» - парасатты пайымдалған кемел келешектің кепілі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» атты Жолдауы парасатты пайымдалған кемел келешек кепілі. Бұл пікірді бүгін Астаналық «Нұрлы жол - Қазақстан жолы» саясаттанушылар форумы барысында Ұлттық стратегия институтының (Ресей) халықаралық жобалары жөніндегі директоры Юрий Солозобов білдірді.
None
None

Ю.Солозобовтың айтуынша, саяси сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісін Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның тиімді қоғамдық даму стратегиясы деп қабылдауда. Саяси транзиттің мұндай бірегей жолы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен әзірленіп, ойдағыдай іске асырылуда.

«Тәуелсіздік жылдарында он жылда жүз жылдап дамыған өзге елдерден де көп жұмыстар атқарылды. Еуразия орталығындағы ел заманауи демократияға айналды. Әлемдік сахнада саяси, экономикалық даму жолдарының айқындығымен үлгі бола білді. Бүгінде Қазақстан өзін ұзақмерзімді даму мақсаттарымен табысты дамып келе жатқан мемлекет ретінде таныта білді әрі 2050 жылға дейінгі өзінің даму көкжиегін айқындап алды», - деді ол.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлгісінің факторларына тоқтала келе, ресейлік сарапшы «Назарбаев факторына» баса көңіл аударды.

Ю.Солозобова Нұрсұлтан Назарбаевты әлем таныған көшбасшы деп бағалады. Ұлт көшбасшысының зияткерлік инновациясына, тап басатын саяси көрегенділігіне, көрнекті страегиялық қабілетіне тоқталып өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ұстанымы саяси үрдістің ықпалында кетпей, оны келешектің басқаруына бағыттауымен ерекшеленеді», - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге ол елдің бірлігі, еуразиялық демократия, қоғамдағы ашықтық пен келешекке деген ұмтылыс факторларына да тоқталып өтті. Жаңа бағдарламада 100-ден астам елден әріптестер қатысады. Жалпы инвестициялық портфель 6 трлн. теңге (шамамен 40 млрд. доллар), мемлекет үлесі - 15 пайызды құрайды.

«Қазақстанға әр салынған доллар үшін шетелдік инвестицияның 6 доллары түседі. Тәуелсіз Қазақстан табысының жоғарғы бағасы да осы болып отыр», - деп атап өтті ол.

«Республика келешектің сын-қатерлерін еңсеретініне сенімді - Н.Назарбаев Жолдауының негізгі түйіні осы. Қазақстан Көшбасшысымен бірге үнемі озық бағытта жұмыс істейді, сондықтан да әлемдегі өзгеріс толқынын табысты еңсеріп келеді. Назарбаевтың даму үлгісін іс жүзінде іске асыру Қазақстан мемлекеттілігін әспеттей түсері сөзсіз», - деп түйіндеді сөзін Ю.Солозобов.

Соңғы жаңалықтар