ЮНЕСКО-ның Статистика институты Қазақстан білім беру жүйесінің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қосқан үлесін саралайтын болады

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО (ИСЮ) Статистика институтының сарапшысы Данила Ежов 15 қазаннан бері  Қазақстанда іссапармен жүр.
None
None

Статистика саласындағы жетекші маман ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының шақыруымен келген болатын, деп хабарлайды  БҒМ баспасөз қызметі.

 Бірнеше күнге созылған кездесулер барысында ЮНЕСКО-ның жетекші маманы қазақстандық мамандармен халықаралық білім берудің стандарттық жіктеуішін қолдану (1997), оның жаңа ХБСЖ-2011 нұсқасына өту мәселесін, халықаралық білім берудің көрсеткіштерін талқылап, ИСЮ-дың халықаралық баяндамаларына шолу жасады. 

Отандық мамандар білім беру жүйесін жаңғырту тек жаңа индикаторлар мен көрсеткіштер жасауды ғана емес, ол сонымен қатар білім беру саласындағы статистикалық мәліметтердің бүкіл жүйесін қайта жаңартуды талап ететіндігін айтады. Сондықтан да бірлескен жұмыстың мақсаты - Қазақстанның білім беру жүйесінің  нәтижелілігі мен тиімділігін білім беру статистикасы мәліметтерін қайта қарау арқылы, оларды халықаралық мәліметтермен салыстыра алатындай деңгейге жетуін  қамтамасыз ету.

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруы бойынша жасалған маңызды іс-шараның бірі біздің орталықты ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы етіп қайта құруы болды», - деп атап өтті орталық директоры Алмагүл Құлтуманова.  -Білім және ғылым министрлігінің Монреалдағы (Канада) ЮНЕСКО-ның Статистика институты сияқты беделді және жетекші ұйымымен тікелей ынтымақтастық орнатуымызға маңызды әрі алғашқы қадам жасадық.

«Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының осы кездесудің бастамашысы болғанына мен өте қуаныштымын. Біз көптеген мәселелерді шешу және оларды талқылау мүмкіндігіне ие болдық. Мәселен, 2014 жылы енгізілуі көзделіп отырған  ХБСЖ-2011-ге өту мәселесін талқылау, халықаралық білім беру көрсеткіштерін қазақстандық мәліметтермен салыстыруды қамтамасыз ету» - дейді Данила Ежов. 

ИСЮ-дағы білім беру саласының сенімді әрі нақты деректерін бере отырып, біздің ел мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы білім беру жүйесін қосқан үлесін бағалай алады.

Соңғы жаңалықтар