ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы ашылды - Париж

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Парижде, ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы негіз болған Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылының салтанатты ашылу рәсімі болды.
None
None

Алғысөз сөйлеген ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауын оқып берді. Атап айтқанда, жолдауда: «аталмыш жылды өткізе отырып, халықаралық қоғамдастық мәдени көптүрлілікке назар аударады және түсіністік пен мәдениетаралық диалогтың бейбіт әлемді құрудың маңызды факторы болып табылатыны» атап көрсетілді. Құжатта сондай-ақ, дамуды қамтмасыз етудегі мәдениеттің қозғалтқыш рөлі де ерекше атап көрсетілді, деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.

Жиында сондай-ақ, ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің төрайымы Валентина Митрофанова, БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсы бойынша жоғары өкілі Жорже Сампайо сөз сөйледі. Қазақстанның Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев өз сөзінде, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның өркениеттер диалогына, халықаралық тұрақтылықты, конфессияаралық және дінаралық келісімді дамытуға қосып отырған үлесі туралы баян етті.

Сол күні ЮНЕСКО штаб-пәтерінде ЮНЕСКО бас хатшысы тағайындаған Мәдениеттер арасындағы бейбітшілік және мәдениеттер арасындағы диалог мәселелері жөніндегі жоғарғы деңгейлі топтың мәжілісі өтті. Топтың құрамына барлық құрлықтың саяси және діни қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері кіреді. Топ мүшелері мен ЮНЕСКО елдерінің өкілдері «Мәдениеттер диалогы: бейбітшілік жолына жаңа қадамдар» деген тақырыпта бұқаралық жарыссөз өткізді.

Соңғы жаңалықтар