ЮНИДО Бас директоры Қазақстан Президентінің әлеуметтік-экономикалық және ықпалдастық саясатына жоғары баға берді

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілі Ержан Қазыханов БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының бас директоры (ЮНИДО) Кандэ Юмкеллаға сенім грамотасын табыс етті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен. Сенім грамотасын табыс ету рәсімінен кейін тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. ЮНИДО басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан - дамуға» деп аталған биылғы Жолдауының мазмұнына, сондай-ақ республика Үкіметі қабылдап жатқан дағдарыстың салдарымен күресу, ұлттық экономиканы әртараптандыру, қаржы секторына, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі шараларға айрықша назар аударды. К.Юмкелла мырза Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық және ықпалдастық саясатына жоғары баға беріп, ЮНИДО-ның Астанада ұйымның аймақтық орталығы ашылғаннан кейін біздің елімізбен арадағы өзара іс-қимылдардың әрі қарай жан-жақты нығайтпақ ниетін білдірді. ЮНИДО Бас директоры Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыруды шын көңілмен қабылдады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум