Зағип корейлік садақшы Олимпиаданың алғашқы әлемдік рекордын орнатты

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Лондондағы Олимпиадада алғашқы әлемдік рекорд орнатылды. Им Донг-Хьюн есімді корейлік спортшы зағиптығына қарамастан Паралимпиадалық емес, Олимпиада ойындарына қатысып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады РБК.
None
None

Жеке есептегі алдын ала раундта корейлік спортшы 699 ұпай жинады. Ол өзінің жеке жоғары әлемдік жетістіктерін 3 ұпайға жоғарылатты.

Осының арқасында Кореяның құрамасы да әлемдік рекорд орнатып, біліктілік бәсекесінде 2087 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі әлемдік рекордтан 18 ұпайға жоғары.

Корейлік спортшы ресми түрде зағип саналады, дегенмен оның жанары 10 пайыз ғана көреді екен. Нысананы нашар көргенімен, түстерді ажырата алады, ал садақ атқанда «сезімге» берілетін көрінеді.

Жанарының суалғанына қарамастан Им Донг-Хьюну командалық есепте олимпиаданың 2 дүркін чемпионы, Корея құрама командасының құрамында 3 дүркін әлем чемпионы, сондай-ақ жеке есепте әлем чемпионында жеңіске қол жеткізген.

Соңғы жаңалықтар