Зағиптар мен көз-жанары нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға 40 жыл толды

АҚТӨБЕ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облыстық Зағиптар мен көз-жанары нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаға 40 жыл толды.
None
None

Аға кітапханашы Наталья Мальцеваның айтуынша, бүгінгі күні кітапхана қоры 31245 дананы құрайды, олардың ішінде 17156 бірлік арнайы әдебиеттер бар. Арнайы кітапхана оқырмандарының жалпы саны - 1217 адам.

 «Арнайы әдебиеттер - бұлар Луи Брайлдың жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі әріптермен әзірленген және аудиокассеталар мен дискілерге жазылған үндік кітаптар. DVD дискілерді компьютерлер мен плеерлерде тыңдауға болады», - деді кітапханашы.

 Көз-жанарынан мүгедектерге және олардың отбасыларына қызмет көрсететін облыстағы жалғыз кітапхана 1969 жылы құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар