Зәмзәгүл Шәріпова: театр менің өмірім

АЛМАТЫ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік және Мемлекеттік стипендиялар иегерлерімен кездесуі барысында театр және кино әртісі, Қазақстанның  халық әртісі Зәмзәгүл  Шәріпова, театр өзінің бүкіл өмірінің мән-мағынасы болғандығын айтты.  
None
None

"Мен өткен ғасырдың 50-жылдарынан бері қазақ театры мен кино өнері саласында қызмет етіп келем. Театрсыз ұлтты, мемлекетті мәдениетті және өркениетті ел деп айту өте қиын. Театр өте асыл, ардақты, бекзат өнер. Ол адамды адамгершілік пен сұлулыққа, өмірдің мәнін ұғынуға шақырады, ақыл-парасатқа үндейді", - деді З.Нүсіпбекқызы.

Актриса атап өткендей, қазақтағы ең алғашқы спектаклі "Еңлік-Кебекті" Абай еліндегі Ойқұдық деген жерде жапсарлас тігілген екі киіз үйдің ішінде Мұхтар Әуезов 1917 жылы қойды. Содан бері ұлттық театр өнері үлкен белестерге көтерілді. Кеңес заманына да өкініш жоқ. Ол кезде де Абай атындағы қазақтың опера және балет театры, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақтың балалар мен жасөспірімдер театры салынып, жаңа ғимараттарға көшті.

З.Нүсіпбекқызы 1948 жылы Алматы театр училищесін бітіргеннен кейін "Казақфильм" студиясында және Қазақ радиосында қызмет етті, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. Ал 1953 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының труппасына қабылданған актриса, 1955 жылдан бастап киноға түсе бастады. Кино саласында Нұржамал ("Өжет қыз", 1955), Дина ("Біз осында тұрамыз", 1957), Хадиша ("Өмір жолы", 1961), Прокурор ("Шыңдағы шынар", 1965), Қарлығаш ("Абай" телефильмі, 1976), Бәлзия ("Заман-ай", 1997) сияқты басқа да кейіпкерлерді сомдады.

Театрдағы ең алғашқы рөлін - Ә.Әбішевтің "Кім менің әкем?" атты драмасындағы Лағыл (1957) образынан бастады. Ерең еңбегі үшін 1966 жылы  Қазақ КСР-інің халық әртісі атанды, бірқатар орден-медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар