Заң жобасының негізгі мақсаты - заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күресті көздейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған құжат «Қазақстан Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» ҚР Конституциялық Кеңестінің 2009 жылғы тамыздың 20-сындағы нормативтік қаулысындағы көптеген ұстанымдармен сәйкес келтіру үшін әзірленген.
Заң жобасының негізгі мақсаты заң жобасын қабылдау кезінде заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада бар олқылықтар мен қайшылықтарды жою болып табылады.
Заң жобасын қабылдау мынадай құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соғады:
Жеткілікті түрде анық айтылмаған және өзара келісілмеген заңдардың ережелерін нақтылау, бұл адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепілдік береді.
Прокуратура органдарының қадағалау функцияларын күшейту негізінде Қазақстанның құқық қорғау органдары мен шет мемлекеттердің уәкілетті органдары тарапынан азаматтар мен кәсіпкерлерді негізсіз қудалау фактілерін болдырмау.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды, өйткені оның қабылдануына байланысты республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей және жанама шығыстар болжанбайды. Бұдан басқа, көлеңкелі экономиканы кеңейту салдарына қарсы тұру бюджетке түсетін салықтық түсімдердің ұлғаюына алып келеді.
Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жұмыс тобын құрып, қорытынды әзірлейтін болады.