Заңсыз қамауға алынған адам босатылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында заңсыз әкімшілік қамауға алынған адам босатылды,
None
None

деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Бұл Жалағаш аудандық прокуратурасының аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жүргізген тексеруі нәтижесінде анықталды.Бөлімге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекс талаптары өрескел бұзылып, азамат Б.Шәкиев заңсыз әкімшілік қамауға алынған. Ол аудан прокурорының қаулысымен дереу қамаудан босатылды.

Оқиға былай болған. Жылжымалы полиция қосынының аға сержанты Ш.Маханбетжанов бұл азаматты спирт ішімдігін ішу әрекеті бойынша бөлімге әкеліп, әкімгершілік құқық бұзушыларды уақытша ұстау бөлмесіне қамауға алған. Дегенмен, әкімшілік іс құжатында оның нақты қандай әкімшілік құқық бұзғандығы, мастық дәрежесі, кімдерге балағат сөздер айтып қоғамдық тәртіпті бұзғандығы жөнінде дәлелденбеген және жазылған мәлімдеме АІІБ-нің басшылығына ұсынылмаған. Жинақталған құжатта Б.Шәкиевтің спирт ішімдігін ішкендігін бекітетін арнайы үлгідегі дәрігердің қорытындысы алынбаған.

Осыған орай бөлім бастығының бұйрығымен заң бұзушылыққа жол берген АІІБ-нің кезекші бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны А.Жәнібековке және жылжымалы полиция қосынының аға сержанты Ш.Маханбетжановқа ескерту тәртіптік жазасы қолданылды.

Соңғы жаңалықтар