Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан басшыға 1,4 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен «Еңбек Орал» РМК филиалы директорының міндетін атқарушы Маркс Ю. заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін ҚР ҚК 364-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 700 АЕК көлемінде 1 387 400 теңге айыппұл салынды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотталушы сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Маркс «Еңбек Орал» РМК филиалы директорының міндетін атқара жүріп, «Поларис» ЖШС-ындағы 100 пайыздық үлесін өзге біреуге сенімді басқаруға формальды түрде беріп, іс жүзінде кәсіпкерлік қызметке қатысуын жалғастыра берген. Оған қоса серіктестіктің мүлкі мен табысына билік жүргізіп, қаржы қызметіне басшылық жасаған. «Еңбек Орал» РМК директоры ретінде өзінің серіктестігіне артықшылық пен жеңілдіктер жасап, кәсіпорын мен ЖШС арасында құрылыс нысанын салуға келісім-шартқа отырған.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Соңғы жаңалықтар