Заңсыз көші-қонды ұйымдастырып, жазалы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық сотында азамат А.Бекетовке қатысты қылмыстық іс қаралды.
None
None

Сотқа дейінгі тексеру анықтағандай, Бөрлі ауданының тұрғыны А.Бекетов Ақсай қаласының теміржол бекетінде Өзбекстан Республикасының 14 азаматын күтіп алып, оларды пәтерге орналастырған. Кейін оларды Қазақстан Респуликасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттік шекарасына алып келгенде учаскелік полиция инспекторы тарапынан ұсталған.

Прокурор мен сотталушы АБекетовтің арасында кінәсін мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды.

Сот А.Бекетовті ҚР ҚҚ-нің 394-бабының 2-бөлігінде (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар