14:28, 13 Тамыз 2010 | GMT +5
Заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалардың 33 ойын автоматы жойылды - Шымкент
ШЫМКЕНТ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті заңсыз ойынхана бизнесімен күресуге арналған айлықтың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың қоқыс тастайтын жерінде бульдозермен 33 ойын автоматы жойылды. Олар заңсыз жұмыс істеп келген ойынханалардан тәркіленді. Және бұл автоматтар көлеңкелі бизнестен тәркіленген аппараттардың бір бөлігі ғана.
«Облыстық қаржы полициясы жылдың басынан бері ойынхана бизнесіне қатысты 36 әкімшілік бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 5 миллион теңге, 365 автомат және 4 электрондық рулетка тәркіленді», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Жұмар Мамытова.