14:33, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
«Западный» шахтасынан 50 килә алтын қоспасын ұрлағандар қолға түсті
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты «Қазақалтын» акционерлік қоғамының «Западный» шахтасынан 50 килә алтын қоспасын ұрлағандар полиция қолына түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бестөбе кентінде орналасқан кен басқармасынан түскен шағымға орай ішкі істер қызметкерлері қылмысқа қатысты деген күдікпен жергілікті екі тұрғынды қамауға алды. Олар түн мезгілінде шахтаға түсіп, құрамында бағалы заттар бар қоспаны заңсыз алып шығып, алыпсатарға өткізбек болған. Қазір полиция қызметкерлері тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр.