Зайсанда қатты жел тағы екі оқу орнының шатырын жұлып кетті
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зайсанда дауыл технологиялық колледж бен жатақхананынң шатырын жұлып кетті, бұл туралы ақпарат 22 қыркүйекте ШҚО ТЖД-ге келіп түсті.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүлінген алаң 180 шаршы метрді құрайды.
Оқиға орынында облыстық комиссия жұмыс істеуде.
Бұдан бұрын секундына 28 метрге дейін соққан дауылды жел Зайсанда және осы ауданның Шілікті ауылында екі мектептің шатырын жұлып кеткені хабарланған.