Зеленов ауданында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, биыл ауданға «Жол картасына» сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен 351,622 млн. теңге бөлінген болатын. 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында 434 жұмыс орны ашылып, 466 адам еңбек орнын тапты. Трекин, Достық ауылдарында тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау жұмыстарына 24,034 млн. теңге қаралып, толықтай игерілсе, Переметный мен Калининде ауызсу жүйелерін күрделі жөндеуге 23,5 миллионнан астам теңге бөлініп, жұмыстар аяқталуда. Үлкен Шаған, Көшім, Щапов ауылдарындағы кәріз жүйелерін жөндеуге 36,431 млн. теңге жұмсалса, Белес, Үлкен Шаған клубтары 113,169 млн. теңгеге ретке келтірілуде. Переметныйдағы кинотеатрды жөндеу 23,487 млн. теңгеге түсті. Сондай-ақ Үлкен Шаған, Первосовет ауылдарындағы орта мектепті күрделі жөндеуге барлығы 136,451 млн. теңге бағытталды.

Жүз әлеуметтік жұмыс орнына 12 млн. теңге бөлініп, осыған орай 130 адам еңбек етуде. «Жастар тәжірибесіне» сәйкес ел қазынасынан 6 млн. теңгеге 58 түлек мекеме-ұйымдарға жолданса, 106 адам кәсіби деңгейін көтерді. 20 адам шетелдік компаниялар қаржысы есебінен білімін жетілдірді. Жергілікті бюджеттен бөлінген 2,578 млн. теңгеге 76 әлеуметтік жұмыс орнын ашу көзделіп, 67 адам жұмысқа тартылды. Кәсіптік оқуға 4,32 млн. теңге қаралды.

«Жол картасы» нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 5,4-тен 3,4 пайызға дейін, ресми жұмыссыздық 0,67-ден 0,57 пайызға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар