20:21, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Зеленов ауданында қос бірдей медицина мекемесі ашылды - БҚО
ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданында қос бірдей медицина мекемесі ашылды.
Оның бірі Октябрь елді мекеніндегі медициналық пункт болса, екіншісі Достық ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория еді.
Достық ауылындағы амбулатория барлық керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген. Мұнда дәріхана да ашылды. Бес айда салынып біткен амбулатория құрылысына республикалық бюджеттен 106 млн. теңге жұмсалды. Қазір мұнда 8 дәрігер жұмыс жасауда.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек аясында Октябрьде тұратын бес жүз адам үшін медпункт салынды. «Акбарысстрой» ЖШС тұрғызған пункт барлық санитарлық талаптарға сай келеді.