Зеленов ауданында Тәуелсіздік мейрамына орай жаңа нысандар пайдалануға берілді

ОРАЛ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданында Тәуелсіздік мейрамына орай жаңа нысандар пайдалануға берілді.
None
None

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнәз Құлжанованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Переметный, Дариян және Володар ауылдарында жалға берілетін жаңа пәтерлер кілттері мұғалімдер мен дәрігерлерге табыс етілді. Сондай-ақ Мичурин ауылындағы ипотекалық үйлер де өз иелерін тапты. Осы ауылда «Жол картасына» сәйкес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа 28 млн. теңге бөлініп, жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылды. Мичурин ауылдық округіне қарасты Набережный елді мекені клубы да ретке келтірілді.

«Қазпошта» ғимараттары Трекин, Достық және Махамбет ауылдарында бой түзеді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес жыл аяғына дейін ауданда 20 шағын орталық іске қосылатын болса, соның төртеуі Чесноков, Степной, Чеботарев, Новенький елді мекендерінде ашылып үлгерді. Осы мектепке дейінгі мекемелердің бәрінде даярлық мемлекеттік тілде жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар