«Зерде» холдингі халықаралық IT университетінің акцияларын саудаға шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зерде» холдингі» АҚ жекешелендірудің екінші толқыны аясында халықаралық IT университетінің өз иелігіндегі 33,35 пайыз акцияларын саудаға шығарып жатыр. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Зарина Құрғанбекова мәлім етті.
None
None

Электронды бәссауда мемлекеттік меншік реестрінің www.gosreest.kz порталында жасалады. Оның айтуынша, тәуелсіз бағалаудың аясында университетінің құны 822,7 млн. тенгеге бағаланып отыр. Сауда 2015 жылдың қыркүйегінде жасалады. Оған кез келген тұлғаның қатысуына жол ашық.

Соңғы жаңалықтар