Зеренді аудандық әкімдік пен кәсіпкерлер нан бағасын тұрақтатуға уағдаласты

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлер нан бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлем деңгейінде астық бағасының өсуі нан өнімдерінің күрт қымбаттауына себепкер болып отырған жағдайда зеренділік нан өнімдерін шығарумен шұғылданатын шағын және орта бизнес өкілдері жергілікті әкімдіктің қолдауына ие болып отыр. Әкімдік облыстық тұрақтандыру қорынан ұнның әр келісін 40 теңгеден босату арқылы салмағы 600 грамдық нанның бағасын 40 теңгеден асырмауға уағдаласты. Бүгінде өңірде 23 селолық округте 80-ге тарта елдімекен бар. Ондағы тұтынушылардың жоғары сапалы нанға деген сұранымдарын өңірдегі 8 наубайхана қамтамасыз етуде. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Павел Кельмнің айтуынша ендігі күні көпшілік сұранымға ие тағамның бағасы қолжетімді күйде сақталмақ.

Соңғы жаңалықтар