Зеренді ауданында шаруалардың қысқа жинаған 600 тонна шөбі өртеніп кетті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданының Шағалалы ауылында «Колос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа жинаған 600 тонна шөбі өртеніп кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

ТЖД мәліметі бойынша өрт 1-ші қазан күні түнгі уақыт 04:13 минут шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 14-ӨБ жеке құрамынан 5 адам мен 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, ауылдың 10 тұрғыны жұмылдырылды. Өрт жалмаған жерде тұрған екі «Джон-Дир» комбайндары дер қауіпсіз жерге апарылды.

Соңғы жаңалықтар