Зерендіде өткізілген «Таза жол» экологиялық акциясына 1,5 мың адам қатысты

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданы аумағындағы республикалық және жергілікті маңыздағы күре жол бойларында өткізілген «Таза жол» экологиялық акциясына біржарым мың адам қатысып, жол бойын тазарту жұмыстары іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Нұр Отан» ХДП партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асырылған іс- шараға «Жас Отан» жастар қанаты, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері, жергілікті білім ошақтарының оқушылары ұйымшылдықпен атсалысты. Алдын ала жасалынған жоспарға сәйкес белгілі бір ұжымға жол бойынан шақырымдар бөлініп, қажетті техникалық және басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз етілді. Бұл істе номері 73-інші жол пайдалану учаскесі, «Зеренді Сервис» мемлекеттік мекемесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымшылдық танытты. Олар өздерінің техникаларымен жинастырылған қоқыстарды тасымалдауды жүзеге асырды. Іс-шара барысында жол бойын абаттандыру, қоқыстан тазарту, аялдамалар маңын ретке келтіру іске асырылды.

Соңғы жаңалықтар