Зеренділік мемлекеттік қызметшілер сарышұнақ аязда да суға шомылуды жалғастырып келеді

sp;КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының бір топ мемлекеттік қызметшілері мен басқа да әуесқойлар сарышұнақ аязда Зеренді көліне шомылуды жалғастырып келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпшілік арасында «морждар» аталып кеткен олар салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған игі бастамаларын осыдан төрт жыл бұрын бастаған көрінеді. Ұйытқы болған қаржы полициясының  аудандық филиалының басшысы, қазіргі зейнеткер Сайлау Жанашев болған. Қазір клубқа 20-ға тарта адам мүше. Олардың арасында полицейлер, сот және прокуратура, аудандық әкімдік пен мәслихат өкілдері, қарапайым еңбек адамдары топтастырылған. Көл жағасында шағын нысан салып, киініп, шешінетін, суық судан кейін процедура жасайтын орындары сайланған. Бір атап өтерлігі, олардан үлгі-өнеге алуға ниет білдіргендер Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарынан, Алматы мен Астана қалаларынан көптеп келе бастауда.

Соңғы жаңалықтар