Зейнетақы нарығы алдағы 5 жылда 1,8 триллион теңгеге дейін дамуы мүмкін - «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның Инвестициялық талдау департаментінің директоры

АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның құнды қағаздар нарығының 15 пайызын жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрайды. Бұл бүгін Алматыда «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның 3 жылдық жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның құнды қағаздары нарығы 14 триллион теңгені құрайды. Бұл 2009 жылғы жалпы ішкі өнімнің 82 пайызына тең. Құнды қағаздардың 55 пайызы акция, 26 пайызы корпоративтік сектордың облигациялары, 18 пайызын мемлекеттік бағалы қағаздар құрайды. Құнды қағаздар нарығының 15 пайызы немесе 2 триллион теңгесі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үлесінде», дейді «Республика ЖЗҚ» АҚ-ның Инвестициялық талдау департаментінің директоры Арман Сейсебаев. Оның айтуынша, зейнетақы жүйесінің 11 пайызы акция, 36 пайызы облигация. Зейнетақы нарығындағы қаражаттың 88 пайызы Қазақстанда инвестицияланған. Жалпы республикадағы зейнетақы нарығының дамуы өткен 5 жылда орта есеппен 30 миллиард теңгеге дамыса, алдағы 5 жылда ол 1,8 триллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл бұған дейінгі 9 жылда қалыптасқан нарықтың көлемімен тең.

Соңғы жаңалықтар