Зейнеткер қылмыскерді ұстады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бұрынғы полиция қызметкері, майор Рафхат Тоқсанбаев Алматының Әуезов ауданында 18 жасар қызды зорлаған қылмыскерді қолға түсірді.
None
None

Бұрын учаскелік полиция қызметкері болып істеген зейнеткер «Қалқаман» ықшам ауданында велосипедімен кетіп бара жатып, үш адамның арасындағы жанжалды көрген. Айқай-шу барысынан ұққаны - әйел мен ер адам қыздарын зорлаған қылмыскермен жанжалдасып жатқан. Зейнеткер бірден күдіктіні ұстап, полицияға хабар берген. Полицияның анықтағандай, күдікті азамат Алматы облысы, Сарқант ауданының 33 жасар тұрғыны болып шықты. Ол осының алдындағы түні шағын аудандағы мазар ішіндегі жолмен үйіне кетіп бара жатқан 18 жасар қызды ұстап алып, зорлаған. Зорлаушының бет-әлпетін жаттап қалған жәбірленуші болған оқиға туралы әке-шешесі мен полицияға хабарлаған. «Күдіктіні ұстау үшін арнайы топ құрылып, іздестіру басталған еді. Алайда біздің әріптесіміз бұған дейін күдіктіні қолға түсірді. Қаланың құрылыс алаңдарының бірінде істейтін күдікті бұл қылмысты мастықпен істегенін айтып отыр», дейді Әуезов аудандық ІІБ-нің бастығы, полиция полковнигі Әбілғазы Төлепбергенов.

Күдіктіні ұстаған зейнеткер өз ісін ерлік деп бағаламайды. «Менің орнымда кез-келген Ішкі істер саласының ардагері осылай істер еді», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар