Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театры 20 жылдығын атап өтуде

ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның   7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/-  Ж.Аймауытов  атындағы  Павлодар қазақ   музыкалық-драма театры   бүгін өзінің 20 жылдық мерейтойын   тойлайды.
None
None

Театрдың     осыдан    жиырма  жыл  бұрын қойған  алғашқы  қойылымы -   Мұхтар  Әуезовтың  пьесасы  бойынша   қазақ  тіліндегі   «Айман-Шолпан»  музыкалық комедиясы  болды. Ұжымның    тұсаукесер     қойылымының     қоюшы  режиссері -   ҚР  еңбек сіңірген   мәдениет қайраткері,  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты, театрдың  қалыптасуында  жетекші роль атқарған   Ерсайын Тәпенов  болды.

«Ерсайын Тәпеновпен бірге Павлодардағы театр өнерінің бастауында     Мұхтар Манапов, Сейітжан және Роза Тәжібаевтар, Сансызбай Бекболатов  және  Амангелді Жүке  сияқты   танымал  әртістер   тұрды.    Кейіннен  оларға   Т.Жүргенов атындағы  Қазақ   өнер   институтының  дарынды түлектері  қосылып еді», - дейді   әдеби  бөлімнің  жетекшісі Алма  Бекболатова.

Павлодарлықтардың   қойылымдары      бірнеше  рет республикалық  театр  фестивальдерінің  жеңімпаздары  атанды.  Әртістер Мысырда,   Түркияда, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Омбы  және Новосібірде   табысты өнер  көрсетті.

Өткен   20  маусымда  театр  сахнасында   ұлттық және  әлемдік  драматургияның       таңдаулы  туындылары:  Шекспирдің, Еврипидтің,  А.Чеховтың,  М.Әуезовтың,   Ғ.Мүсірепов пен  Ш.Айтматовтың     шығармалары     қойылды.

Соңғы жаңалықтар