Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжде «Жол картасына» сәйкес бала күтушілер мен тәрбиешілер даярлануда

ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педколледжде «Жол картасына» сәйкес бала күтушілер мен тәрбиешілер даярлануда.
None
None

Колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Құрманәлинаның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, олар жиырма адамнан екі топта оқытылуда. Жұмыспен қамту органдары арқылы жолдамамен келгендер үш айлық курс кезінде ай сайын 7500 теңгеден шәкіртақы алады. Әсіресе, Қазақстан бойынша бірінші рет қолға алынған бала күтушілікке оқуға қала мен аудандардан тілек білдірушілер көп болып отыр. Қазірдің өзінде 25 адам екінші кезекке жазылды. Техникалық және басқа мамандықтар ғана емес, бала күтушіліктің де аса маңызды кәсіп екендігі ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тауып, мемлекеттік стандартқа енгізілді. Колледжде арнайы оқу бағдарламасы жасалып, курс тыңдаушылары сол бойынша білім алуда. Бала күтушілер мен тәрбиешілер оқуын бітіргеннен кейін келген жерлеріне барып, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне орналасады. Колледжде биыл осы екі мамандық бойынша 60 адам оқып шықпақ. Бұған 5,838 млн. теңге бөлініп отыр.

Өткен жылы аталмыш колледжде ЭЕМ операторлары мен хатшы-референттер даярланған болатын.

Соңғы жаңалықтар