Жәбірленуші Суванов Лилия Рахты жауапкершіліктен босатуды сұрады

«Менің қорғауымдағы Х.Суванов Лилия Рахқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрайды. Бұл арыздың қалған үш айыпталушыға қатысы жоқ», - деді адвокат Ермек Дерябин сот тыңдауында.
Л. Рахтың адвокаты Гаухар Сәлімбаева оның кінәлі еместігін айтады. «Х.Суванов Рахқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде материалдық та, моральдық та қояр кінәсі жоқ екенін айтқан болатын. Оны жәбірленушінің өзі қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрап отыр», - деді Рахтың адвокаты.
Алматылық сәнгер Лилия Рахтың ұсталғаны бұған дейін хабарланған болатын. Ол адам ұрлады деп айыпталуда.
Л.Рахқа қатысты қылмыстық іс 28 қыркүйекте Алмалы аудандық сотына түсті.
Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың 9 шілдесінде 33 жастағы Өзбекстан азаматының жоғалып кеткендігі туралы полицияға арыз түскен.
Кешенді тексеру шаралары барысында айыпталушылардың Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қамауда ұстағыны анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші қамалған мекен жай анықталып, ол аман-есен бостандыққа шығарылған еді. Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар: Лилия Рах, Мири Паз, Ислам Месиров және Бахыт Шалбаев.
Лилия Рах, 1962 жылы туған. Байер, Sauvage бутигінің және «люкс» дәрежелі бірнеше дүкен иесі.