Жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысу үшін энергетиканы технологиялық жаңғыртуды жылдамдататын және энергия үнемдеуді дамытатын боламыз - Н.Назарбаев

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» IV Астаналық экономикалық форум барысында айтты.
«Бірде-бір ел «қазір даму, ал экологиямен одан кейін айналысамыз» формуласы бойынша өмір сүре алмайды. Адамзатқа ғаламшардың энергия-экологиялық жағдайы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүзеге асырылатын сценарийі өткір қажет. Ол қазірде, болашақта да бар барлық елдерге тиімді болуы керек. Мол табиғи ресурстарға ие ел ретінде біз әлемдік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігімізді түсінеміз», - деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде энергия үнемдеуші технологияларды, жасыл экономика тетіктерін енгізу таяу онжылдықтағы еліміздің индустриялық саясатының басым міндеттерінің бірі екендігін баса айтты.
«Жаһандық жылыну проблемаларын шешуге қатысу үшін біз энергетиканы технологиялық жаңғыртуды жылдамдататын және энергия үнемдеуді дамытатын боламыз», - деді Мемлекет басшысы.