09:08, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
Жақсы ауданында балабақша қызметкерлеріне берілмеген еңбекақы 378 мың теңгеден асып кеткен - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жақсы аудандық прокуратурасы мектеп жасына дейінгі мекеменің жеті қызметкеріне аса ірі көлемде жалақы борышы барын анықтап,
тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан прокуроры Ербол Құсайыновтың айтуынша, «Қарлығаш балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында ҚР Еңбек кодексінің 1-ші бабының 134-ші тармағы бұрмаланған. Балабақшаның жеті қызметшісіне өткен жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың қаңтар айы аралығындағы еңбекақы берешегі 378 мың теңгеден асып кеткен. Тексеріс қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілік жөнінде шешім қабылданды.