10:09, 05 Маусым 2009 | GMT +5
Жақсы ауданында қарақшылықты кәсіп еткен қылмыстық топ құрықталды ?Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданында түн жамылып қарақшылықты кәсіп еткен қылмыстық топ құрықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күдіктілер қараңғылықты жамылып көліктерді тонап, жолаушылардың бағалы заттарын, ақшаларын, тіпті қолдарындағы сөмкелерін де тартып алатын болған. Осындай қылмыстың бірінде «Москвич-412» және «Ваз-2106» жеңіл көліктерінің автомагнитолласын, қосалқы бөлшектерін, гараждан 17 мың теңгенің заттарын жымқырыпты. «Нива» көлігінен бензин ұрлау кезінде полиция қолына түсіп, қазіргі кезде оларға қатысты бес қылмыстық әрекет дәлелденді. Түнгі қарақшылардың екеуі 25-тегі жігіттер болса, екеуі кәмелетке толмаған. Қылмыстық топ мүшелерінің үстінен ҚР ҚК-сінің 2-ші бабы 175-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.