Жақсы ауылында 18 отбасы қоныс тойларын атап өтті

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Жақсы ауданының орталығы Жақсы ауылында 18 пәтерлі үй пайдалануға беріліп, мұқтаж отбасылар қоныс тойларын атап өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Ибрагим Қабдуғалиевтің айтуынша, сыртқы қабырғалары қалған нысанды қалпына келтіріп, баспанаға айналдыру мақсатына республикалық бюджеттен 60 миллион теңге, ал жергілікті қазынадан 6,5 миллион теңге бөлініп, барлық жұмыстар қысқа мерзімде, жоғары сапада шешімін тапқан. Мұнда негізінен әлеуметтік мұқтаж жандар, бюджеттік сала қызметкерлері баспаналы болды. Айта кетер бір ерекшелік, тұрғын үй- коммуналдық болғандықтан әр маман тұрақты жұмыс істеуге мүдделі блмақ. Бұл өңірдегі екінші көп қабатты тұрғын үй. Бұған дейін 16 пәтерлі үй қалпына келтіріліп, мұғалімдер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілер үй жағдайларын жақсартқан көрінеді. Жыл соңына дейін тағы бір үй іске қосылып, жас мамандар мен ардагерлер игілігіне берілмек.

Соңғы жаңалықтар