Жақын арада банктердің несие қоржынының сапасы жақсармайды- АӨҚО сараптамасы
Агенттік сарапшыларының көрсетуінше әлемдік қаржы дағдарысы банк саласына айтарлықтай ауыр тиген. Өйткені активтердің өсуі баяулап, барлық сала бойынша көрсеткіштері төмендеген. «Ұлттық қордағы қаржыны пайдалану арқылы мемлекеттік құзырлы органдар уақтылы және ірі көлемді дағдарысқа қарсы шаралар жүргізді. Бұл бірқатар жағымсыз жақтарға тосқауыл болды. Әйтсе де банк жүйесі кейбір бағыттар бойынша қиындықтарды бастан өткеруде» делінген зерттеуде. Сондай-ақ зерттеуде несие берудің өте төмен екендігі, несие сапасының төмендеуі айтылған. Ал банк саласындағы оң бағыттар ретінде мемлекет тарапынан банк секторына жақсы қолдау мен корпоративтік басқару сапасы мен тәуекел менеджменттің сапасының жақсарғаны көрсетілген. Болашаққа болжам жасаған отандық сарапшылар жақын арада несие сөмкесінің өсуі болмайды деп отыр. Нәтижесінде банктердің де табысы орташа деңгейде болмақ.