Жақын уақытта Қазақстан «Эйр Астананы» Еурокомиссияның «қара тізімінен» шығару бойынша келіссөздерді аяқтайды - Қ.Келімбетов

ПАРИЖ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Жақын уақытта қазақстандық тарап «Эйр Астана» әуе компаниясын Еурокомиссияның «қара тізімінен» шығару бойынша келіссөздерді аяқтайды.
None
None

Бұл туралы 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар - Астана және Льеж өкілдерінің Парижде өткен баспасөз мәслихатында бельгиялық журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов әңгімелеп берді.

Бельгиялық журналистің EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, «Эйр Астана» Еурокомиссияның «қара тізімінде» болуына байланысты шетелдік азаматтар көліктік қиындықтарға тап болмай ма деген сұрағына Қ.Келімбетов жақын уақытта әуе компаниясын бұл тізімнен шығару бойынша келіссіөздер аяқталуы тиіс екеніне сендірді.

«Бірақ егер сіз бізге «Эйр Астанамен» ұшып келе алмасаңыз, бізге әлемнің жетекші әуе компаниялары да ұшады. 2017 жылға қарай Астана әуежайының инфрақұрылымдық мүмкіндіктері де соған сәйкестендіріледі», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Бұдан басқа, вице-премьер басқа бельгиялық журналистің EXPO қатысушылары Астанаға дейін жететін әуе көлігі экологиялық таза емес екені және қазақстандық көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбымен келіспейтіні туралы сұрағына да жауап берді.

«Бұл біздің бұл бағытта жұмыс істеуіміздің қажеттілігін растайды. Әуе көлігінің көптеген елдер сәйкес болуға тырысатын белгілі бір талаптары бар, соның ішінде біздің еліміз де бұл талаптарға сәйкес болуы үшін еуропалық билік көздерімен белсенді ынтымақтасуда. Екіншіден, әуе көлігінен басқа бұдан да тез қозғалатын басқа әдіс ойлап табылған жоқ. Сондықтан әзірше бұл көлік түрі технологияларының жақсартылуын тілейміз», - деп атап өтті осы сөздерімен журналистік аудиторияның қошеметіне ие болған Қ.Келімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жеңіске жетсе, Астанадағы көрмеге 100-ден астам қатысушы мемлекеттер жиналады, соның ішінде 10-ға жуық  әлемнің жетекші ұйымдары болады. Үш айдың ішінде павильондарда 5 миллионға жуық адам болып қайтады.

Соңғы жаңалықтар