13:11, 02 Қазан 2015 | GMT +5
Жақында Қазақстанның жыл патриоты анықталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Патриоттар форумы 5 қазанда «Мәңгілік ел - Бір Ұлт Болашағы» атты ұранмен өтеді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Аxмед Мурадов мәлім етті.
«Біз биыл 5 қазанда дәстүрлі Патриоттар форумын өткізетін боламыз. Ол жыл сайын түрлі қалаларда өтіп келді. Осы жылы ол «Мәңгілік ел - Бір Ұлт Болашағы» атты ұранмен өтеді. Осыған орай «Жыл патриоты» аталымның жеңімпазын анықтауды ұсындық», - дейді депутат.