17:17, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жалағаш ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің қоғамдық байқауы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Жалағаш ауданында облыстық ардагерлер кеңесінің қоғамдық байқауы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған кеңес төрағасы Сейілбек Шаухаманов, облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс қатысты. Басқосуда аудандағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыстары талқыланып, ел ақсақалдарының ұсыныс, тілектері тыңдалды. Жиында ұйымдық мәселе қаралып, онда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Садық Әлиев сайланды.